Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан - бейбітшілік пен келісімнің үлгісі – П.Маглели

1995 жылдың көктемінде Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идея көтерілді, дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ақтөбе облыстық болгар этномәдени бірлестіктің мүшесі Павел Маглели.
Ақтөбе26 Маусым , 10:03

«Кеңес одағының тарағанынан кейінгі алғашқы жылдары КСРО елдерінің ішінде ұлттық араздықтың өршіп тұрған шағында республика көлемінде сырттан келген бірнеше кірме ұлттармен арада татулық пен бейбітшілікті орнатуға үлкен қажыр жұмсау кереке еді. Алайда біздің Президентіміз өзінің көрегендігімен Қазақстан Республикасындағы барлық ұлт өкілдерінің өзара тату өмір сүруін қамтамасыз ете алды. 1995 жылдың Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясын құру үшін бәріміздің басымыз қосылды. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бастап біз, барлық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері ұлтаралық келісім, барлық халықтардың тілі мен ділін сақтау мақсатында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін топтастырылдық. Содан бері біздің мемлекет бейбітшілік пен келісімнің отаны болып келеді», - деді.

Оның айтуынша, жас Қазақстанның қалыптасу мен даму жылдарында біз бірнеше рет Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының дұрыстығына көз жеткіздік.

«Қашанда Елбасымыз өзінің көтерген бастамаларын халықтың қолдауымен аз уақыттың ішінде жүзеге айналдыруда. Бас кездегі қиындықтарға қарамастан біз үлкен жетістіктерге жеттік. Оны қазірде уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Соның бірі елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім. Астанамыз бүгінде әлем мойындаған қалалардың біріне айналды», - дейді П.Маглели.




Яндекс.Метрика