Инфрақұрылымның дамуы

Қостанай облысында 2,6 млрд теңгеге жол жөнделді

Аймақта 2,6 млрд теңгег жол жөнделді.
Қостанай26 Маусым , 09:28

Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңғыртуға, жөндеуге және ұстауға 2014 жылы 5,9 млрд теңге бөлінді, ол 2013 жылға қарағанда 2 есеге артық. Оның 2,6 млрд теңгесі, немесе жылдық жоспардың 44% игерілді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Автожолдардың қызмет ету мерзімін ұлғайту үшін және автокөлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында бөлек учаскілерде жол қабатының салқын ресайклингінің технологиясы қолданылады.

Жол-құрылыс жұмыстары сапасын бақылауды күшейту мақсатында тапсырыс берушінің, ЖСҚ әзірлеушісі-авторлық қадағалау қызметтерімен 5-сатылы бақылау, зертханалық бақылау мен технологиялық операциялардың сапасын тексеру енгізілді.     




Яндекс.Метрика