Өңірлер

Ақмола облысында 78 мың оқушы жазғы лагерьде демалады

Ақмола облысында 78 мың оқушы балалардың сауықтыру орталықтарында демалады. Бұл туралы облыстың білім беру басқармасының жетекшісі Балым Ізбасарова С. Кулагиннің қатысуымен өткен кеңесте хабарлады, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола26 Маусым , 09:17

Оның айтуынша, ағымдағы маусымда облыста 17 қала сыртындағы орталық жұмыс істейді, олар бір кезекте 11 мың баланы қабылдауға қауқарлы. Сондай-ақ, балалардың сауықтыру орталығында 78 мың оқушы демалады.

«Облыста 111  мектепке дейінгі лагерь саны көбейді. 2013 жылмен салыстырғанда қаржыландыру 223 млн теңгеден 241 млн теңгеге өсті. Көкшетаудағы «Чайка» сауықтыру орталығының  материалды – техникалық базасының нығаюына 23 млн теңге бөлінді», - деді ол. 




Яндекс.Метрика