Білім беру

Ресейдегі Қазақстанның елшісі ММУ-дің қазақстандық түлектеріне диплом табыстады

РФ Қазақстанның елшісі Марат Тәжин Мәскеуде М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің шетелдік студенттеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты.
Әлемде26 Маусым , 09:01

Бұл шара тұңғыш рет диплом алып жатқан шәкірттің елінен келген өкілетті және тұрақты елшілердің қатысуымен өтті, деп елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Меніңше сіздерде үлкен бәсекелестік басымдылық бар, сіздер осы жылдар аралығында керемет  ұстаздардың дәрістеріне ғана емес, сондай-ақ ММУ деп аталатын дәстүрлі мектепке қанық болдыңыздар», - деді М. Тәжин.

Елші ММУ басшылығын, оның ректоры Виктор Садовничке Қазақстан мен ресей арасындағы білім беру байланысын орнатқан үшін алғыс білдірді. Ол атап өткендей, шілде айында аталмыш оқу ордасының филиалын мың шақты студент тәмамдайды.Мәскеуде 700-ге жақын студент білім алуда.Сондай-ақ, елші 2014 жылы аяқтаған геология факультетінен Әсел Баяндиева, жер қойнауы факультетінен Анастасия Михайлюкке ерекше алғысын білдіріп, қызыл диплом табыстады.




Яндекс.Метрика