Астана күні

Астана – Қазақстанның мақтанышы – А.Перуашев (Видео)

Астана – барша Қазақстанның мақтанышы. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 25 Маусым, 19:02

«Астана – тек қала тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар барша қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр. Бүгінде Астанаға көптеген шетелдік қонақтар келіп, қарқынды дамып келе жатқан қаламыздың сәулеті мен дәулетіне тәнті болуда. Менің өз басым бірнеше жерде Қазақстан елордасының әлемдік деңгейде абыройының жоғары екенінің айтылғанына куә болдым. Оған дәлел болып отырған жаһандық деңгейдегі саяси және экономикалық шаралардың ұйымдастырылуы», - дейді депутат.

Сонымен қатар, А.Перуашев елорданың бірқатар көрнекті тұстары мен артықшылықтары туралы айта келіп, Астананың жыл санап дамып келе жатқанына тоқталды.

«Бүгінде Астананың айналасына жасанды тоғай отырғызылуда. Уақыт өте келе бұл үлкен тоғайға айналып, Астаның тағы бір мәрте мерейін үстем ете түседі. 1997 жылдан бері осы сынды қолдан жасалған жұмыстардың арқасында Астаның климаты айтарлықтай өзгерді. Бірте-бірте Астана өмір сүруге ең қолайлы қалалардың біріне айналады», - дейді ол.

Сонымен қатар, мәжілісмен Астананы жас және талапты жандардың қаласы екенін айтты. Қаланы болашаққа ашылған есікпен теңеді.

«Астана мемлекеттік маңызынан бөлек, саяси қырын былай қойғанда, әкімшілік басқару жүйесінің орналасуынан бөлек жастардың, шығармашылық ұжым мен алға қойған мақсатына жетуге ниеті жандардың қаласына айналып келе жатқаны анық», - дейді.





Яндекс.Метрика