Астана күні

И.Сауэр: Елорданың басты ерекшелігі – адамдар өмірінің мәдени деңгейі

Елорданың басты ерекшелігі – адамдар өмірінің мәдени деңгейі, дейді «Родина» Агрофирмасы ЖШС бас директоры, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы Иван Сауэр Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 18:21

«Астананың дамуы мен гүлденуіндегі Қазақстан Президентінің еңбегі болмағанда елордамыз бүгінгі келбетіне ие бола алмас еді. Қала көз алдымызда көз ілеспес шапшаңдықпен көркейіп келе жатыр. Бұндай қарқынды әлемнің өзге қалаларынан көру мүмкін емес», - дейді.

Оның айтуынша, елорданың көшірілуі Астаның экономикалық дамуына ерекше қарқын қосты. Елорданың экономикалық өсімі көптеген инвесторлардың назарына ілініп отыр.

«Елорданы алмастыру туралы шешім қабылданғанда ол уақыттағы Ақмола облыс орталығы еді. Мұндағы қоғамдық және экономикалық өзгерістер бұрын-соңды болған өзгерістерге жол ашты. Осындай қысқа ғана уақытта әлемдік қаланың қалыпасатынын ол уақытта ешкім де болжай алмастай еді. Қазіргі таңда қолда бар игіліктеріміз осыдан он жыл бұрын түсімізге де кірмейтін. Сол себепті барша қазақстандықтар Астанамызбен мақтанулары керек», - дейді.

Оның пікірінше, елорданың басты ерекшелігі адамдар өмірінің мәдени деңгейі болып табылады.

«Оған дәлел қызмет көрсету саласы мен қоғамдық өмірдің әр қырындағы жағдайлардың даму көрсеткіші. Адамдардың мәдени деңгейлері айтарлықтай өсті», - деді ол.

Айта кету керек, қазіргі таңда қаламыз Қазақстандағы ең алдыңғы қатарлы іскерлік орталықтардың іріне айналды. Астананың кәсіпкерлік мәдениеті де қарқынды қанат жаюда. Бүгінде елордада 50 мыңнан астам орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Онда шамамен 170 мыңдай тұрғын қызмет етеді. Ай сайынғы орташа жалақы көрсеткіші 130 мың теңгені құрайды. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика