Өңірлер

Қызылорда облысында 5 жыл ішінде 320 спорт алаңы салынды

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 172 473 адамды құрап отыр. Соңғы бес жылда облысымызда 320 шағын спорт алаңдары пайдалануға берілді.
Қызылорда25 Маусым , 18:01

Облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 83 алтын, 52 күміс, 109 қола медальді иеленіп, 295 спортшы ұлттық құрама сапына алынған, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Қаленов мәлімдеді.

«Биыл қала орталығында Илья Ильин атындағы спорт кешені, бокс орталығы, ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында 3 мың орындық ипподром бой көтермек. Сонымен қатар 3 мың орындық жабық футбол манежінің құрылыын жүргізу жоспарланып отыр», - дейді Б.Қаленов.

 




Яндекс.Метрика