Self made. Ровесники столицы

Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылады – елорда құрдасы

Астанамен бір жылда дүниеге келген Қолқабай Аяна Астанадағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» АББҰ физика-математика бағытының оқушысы. Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында Аяна Астананың болашағын қалай елестетінін айтты.
Нұр-Сұлтан 25 Маусым, 17:45

«Менің пікірімше, алдағы уақытта біздің қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген туристер ағылып келетін болады. Оның арасында ЖОО білім алу мақсатымен келетін талапкерлер мен беделді тұлғалар да, қарапайым халық өкілдері де болады деп ойлаймын», - дейді ол.

Сонымен қатар, елорда құрдасы қаланың қарқынды дамуынан қандай ой түйгенін де айта кетуді ұмытпады.

«Менің ата-анамның айтуынша, 1998 жылы Астананың жартысында жапан дала болатын. Мен бала кезімнен осы уақытқа дейін Астанамыздың осыншалықты тез көркейіп, дамып кететінін ойламаппын. Астана бүгінгі таңда біздің мақтанымшымыз», - дейді.

Аянаның айтуынша, болашақта ол дәрігер болып елорда халқының денсаулығын күтуге өзіндік үлесін қоспақшы.

«Мен Назарбаев университетіне түсуді мақсат етіп қойдым. Ол үшін біздің мектептің білім беру әлеуеті жетеді. Аталмыш университет біздің елімізге қажетті барлық мамандық түрлерін дайындайтын болады. Ал менің өзі басым дәрігер болуды армандаймын», - дейді Аяна.

Елорданың құрдасы мереке қарсаңында барлық қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.

«Мен алдағы уақытта елордамыздың бұдан да қарқынды дамып, гүлдене беруін тілеймін. Ал астаналықтар мен барша қазақстандықтарға жас мемлекетімізбен, Астанамызбен бірге көркейе беруіне тілектеспін», - деді ол. 

Индира Кауметова 

Фото-Азамат Алиев 





Яндекс.Метрика