Астана күні

Тұңғыш Президент музейі – Астананың көрнекті жерлерінің бірі (РЕПОРТАЖ)

Әне-міне барша Қазақстан халқы өздерінің сүйікті мерекелері елорда күнін атап өтетін болады. Біздің сұлу қаламызға 16 жыл толмақ. Осы уақыт аралығында барша қазақстандықтар шаһардың қалай бой түзегенін өз көздерімен көріп, айтулы оқиғаларға куә болды. Мереке қарсаңында қаланың ең көрнекті жерлерінің бірі Тұңғыш Президент музейі жайлы баяндамақпыз.
Нұр-Сұлтан 25 Маусым, 17:04

«Қала күні мерекесі барша қазақстандықтардың асыға күтіп, дәстірлі түрде атап өтетін ауқымды мерекелерінің біріне айналып отыр. Елорданы ауыстыру туралы идеяның туғанына биыл 20 жыл толып отырғанын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Сонау қиын-қыстау замандарда, 1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Парламентіне, Жоғарғы Сотқа елорданы ауыстыру туралы ойды жеткізген еді. Ал жалпы Астаның бұрынғы тарихы сонау 20 ғасырларға дейін баратыны тарихтан белгілі», - дейді ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің директоры орынбасары Куләйша Ақтаева.

К.Ақтаеваның айутынша, осы ғимаратта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997-2004 жылдар аралығында еңбек еткен. Мұнда көптеген маңызды шешімдер қабылданып, Қазақстанның дамуында айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

Тұңғыш Президенттің музейінде теңдессіз архивтік құжаттар мен ғылыми еңбектер сақталған. Сонымен қатар, небір кітаптар, сыйлықтар мен өзге де бағалы заттар бүгінде тарихи жәдігер ретінде сақталуда. Бұның барлығы Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының көзі іспетті.

Соның ішінде Президенттің жұмыс кеңсесі мұрты бұзылмаған күйі келушілердің назарына ұсынылуда. Күлайша Ақтаеваның айтуынша, осы кабинетте Президент жастармен және интеллегенция өкілдерімен жиі көрісіп отырған. 

Индира Кауметова 





Яндекс.Метрика