Өңірлер

Г.Құрманбаева 2014-2017 жылдарға арналған ҰКП даму стратегиясын таныстырды

Бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 1-інші съезінде ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрманбаева 2014-2017 жылдарға арналған палатаның даму стратегиясын таныстырды.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 15:37

«Мемлекет басшысының айтқан стратегияларына басымдылық беріліп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өз бастамасымен қолға алған миссиясына айрықша көңіл бөлініп отыр», - дейді басқарма төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, бұл миссия өткен жылдың ішінде қолға алынған  заңның жалғасы болып табылады. Онда кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мен іскерлік климатты жетілдіруге қолайлы жағдай жасау мақсатында билікпен құрылымдық диалог жасау үшін кәсіпкерлік құрылымдарды шоғырландыруды қарастырады.

«2030 жылға дейінгі Мемлекет басшысының алға қойған мақсатты индикаторларынан туындаған ұзақмерзімді және ортамерзімді уақыттағы 2 стратегиялық мақсаттарды анықтадық. Жоспар бойынша, ҰКП тарапынан құрылымдық және институционалдық қолдаудың арқасында және біздің әріптестеріміздің көмегімен 2030 жылға қарай шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 30-40 пайызға дейін жеткізіп, жыл сайын кәсіпкерлік қызметтерді арттыра түсіп, отандық экономиканың өсіміне үлес қосамыз деп ойлаймын», - деді  ол.

Сонымен, ҚР «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңның №30 бабында анықталған стратегиялық міндеттемелер ҰКП Стратегиясының жұмысында қамтылған.

«Бұл кәсіпкерлік құрылымдарды шоғырландыруға мүмкіндік беретін, заңды мүдделері мен құқықтарын қорғайтын жұмыстардың, мемлекеттік органдармен бизнес және қауымдастықтардың өзара ынтымақтастығы тиімділігін ұйымдастыратын, кәсіпкерлік қызметтерді реттейтін заңнаманы жетілдіру мен бірқатар нормативті-құқықтық актілерді құру секілді кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыратын құқықтық экономикалық әдістемелік ұйымдастыруға мүмкіндік беретін  шаралар кешені», - дейді ол. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика