Өңірлер

ОҚО-да 1000-ға жуық тұрғын кәсіпкерлік оқуды тәмамдады

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Кәсіпкерлік мектебінде жүргізілетін оқу заманауи бизнес саласында бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында жаңа білім мен қажетті дағдаларға ие болуға мүмкіндік береді.
Оңтүстік Қазақстан25 Маусым , 16:06

Жалпы оқу процесі 10 күнге созылған екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқушы-кәсіпкерлер теориалық білім алады. Олар кәсіпкерлік негіздерін, бизнес жоспар түзуді, салық салу, бухгалтерлік есептер, бизнестің заңдық аспектілері мен қаржыландыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен танысады. Екінші кезең тәжірибелік білім алуға бағытталған, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпкерлік мектебі «Бизнестің жол картасы-2020» және осы бағдарламаның екінші бағыты бойынша екінші деңгейдегі банкттер, «Қазагроқаржы» АҚ, «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ, «Максимум» ӨИО және «Ырыс» ШНҰ арқылы қаржыландыру мен шағыннесиелендіруге жолдама алуға көмек береді.

 Ағымдағы жылдың басында Кәсіпкерлік мектебі мен «Ырыс» ШНҰ арасында кәсіпкерлерді қолдау бағытында меморандумға қол қойылды. «Ырыс» ШНҰ арқылы несиелендірудің бірден-бір шарты – Кәсіпкерлік мектебін бітіргенде берілетін сертификаттың болуы.

Осы бағытта 2014 жылдың басынан бері меморандум аясында 199 түлек 668 млн. 140 мың теңгені құрайтын сомаға қаржыландырылып өз кәсібін ашты.




Яндекс.Метрика