Парламент

Мәжіліс Қазақстан аумағы арқылы жүк транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді мақұлдады

Бүгін Мәжіліс Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 16:22

Келісім Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қолдау көрсету мақсатында Британ тарапының Қазақстан аумағы арқылы жүктің транзитін жүзеге асыру тәртібін белгілейді, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 




Яндекс.Метрика