Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Әйелдер мен ерлердің тең құқықтылығы бойынша Қазақстан ТМД елдерінің көшбасшысы

Давос форумының талдаушылар тобы 2013 жылдың соңында жариялаған әйелдер мен ерлердің тең құқықтылығы деңгейі бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 136 елдің арасында 32 орынды иеленіп, ТМД барлық республикаларының алдына шықты.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 15:04

Бірегей институционалдық тетік – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.

Президент Жарлығымен 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді.

Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелері Қазақстан Республикасының Президентіні 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығымен бкітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында да көрсетілген.

Гендерлік бағыттағы екі заң қабылданды: «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы».

Қазақстан ТМД аумағындағы ішкі істер органдарында әйелдерді зорлықтан қорғау жөніндегі бөлімше құрылған (1999) жалғыз мемлекет болып табылады.

2013 жылы ел халқының саны 17 млн. адамға жетті, оның шамамен 52  ℅ әйелдер құрайды. Тәуелсіздік жылдары 6 миллионнан астам қазақстандық туды. Соңғы он жылда Қазақстанда 23 894 егіз, 277 үшем және 4 төртем дүниеге келді.




Яндекс.Метрика