Өңірлер

Атырау облысының алты аудан орталығында РКҚО іске қосылды

Атырау облысының Құманғазы, Қызылкөгін, Исатай, Индер, Махамбет пен Мақат аудандарында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды.
Атырау25 Маусым , 14:47

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының басты мақсаты ауылдық жерлерде кәсіпкерлік құру мен оны жүргізуге барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады. РКҚО кеңес берушілері кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, кәсіпкерлікті ашу мен оны жүргізу туралы ақпараттандыру қызметтерін жасап, бизнес-план дайындауда көмек көрсетіп, «Бизнес-Кеңесші» жобасына қатыстырады, сонымен қатар пайыздық үстемені субсидиялау  бойынша қаржылық қолдау алу үшін толықтай құжат пакетін жинауға, несие бөлігін кепілдендіруге, «Іскерлік байланыстар», «Жас кәсіпкерліктер мектебі» жобаларына араласуға көмектеседі, деп хабарлайды «Даму» қорының баспасөз қызметі.

«Даму» қорының бұл қызметтері бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікті құрайтын өнеркәсіпті құруға, соның ішінде аграрлы өнімді өңдеушілер мен ауыл тұрғындары үшін қызмет түрлерін дамытуға бағытталған.




Яндекс.Метрика