Үкімет

К. Мәсімов ЭБЖМ, ҚМ және ӨДМ-ге бірқатар тапсырма жүктеді

Бүгiн Ұлттық кәсiпкерлер палатасының I съезi барысында ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов ЭБЖМ, ҚМ және ӨДМ-ге бірқатар тапсырма жүктеді.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 14:30

«Экономика министрлiгiне ҰКП және мүдделi органдармен бiрлесе отырып, бiр айдың iшiнде Ұлттық палатада аккредиттелген ұйымдар мен қауымдастықтарды салалық зерттеулер жүргiзу, стандарттар мен регламенттердi әзiрлеу үдерiстерiне белсендi түрде тарту мүмкiндiктерi туралы ұсыныстар әзiрлеп, Үкiметке енгiзуді тапсырамын», - дедi К.Мәсiмов.

Жалпы, оның айтуынша, ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік жүйемен нық қарым-қатынас орнатты, оған 100 салааралық және салалық қауымдастық кіреді.

К. Мәсімов қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа ҚР Салық кодексіне енген өзгертулер мен толықтыруларды қадағалауды жүктеді.

«Өңірлік даму министрлігіне бiр айдың iшiнде Ұлттық палатада аккредиттелген ұйымдар мен қауымдастықтарды салалық зерттеулер жүргізіп, ұсыныс ұсынуды тапсырамын. Аталмыш құжат барлық инвесторларға қолғабыс көрсетуі керек», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы съезі өз жұмысын бастады. Шараға 230 адам, 116 делегат  қатысуда.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика