Үкімет

К.Мәсімов ҮИИД екінші бесжылдығының 4 басым бағытын атады

Бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 1-інші съезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов индустрияландырудың екінші бесжылдығының 4 басым бағытын атады.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 14:19

«Бiрiншiден, ұлттық саланы дамыту маңызды. Бiз қолда бар басымдықтарымызды сырт шегерiп қоймай, мұнай-газ, тау-кен және өзге де салалардағы өндiрiстi дамытуымыз қажет. Себебi, бұл секторлар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете алады. Осы салалар бүгiнгi күнi елiмiзге ақша әкелiп жатыр, бюджетiмiз бен Ұлттық қорды толықтырып отыр. Сондықтан, бұл секторлар болашақта дамытылуы керек», - дедi К.Мәсiмов

Оның айтуынша, геологиялық барлау және табиғат ресуртарын игеру бойынша тендерлерге қатысудың жаңа мүмкiндiктерiн қарастыратын заң жобасы парламентте қаралып жатыр. 

«Бұл заң жобасы мақұлданып, қабылданғанан кейiн және оған Мемлекет басшысы қол қойғаннан соң ұлттық бизнестiң аталмыш секторлардағы тендерлерге қатысуына жаңа мүмкiндiктер ашылады деп ойлаймын. Десек те, бұлар капитал сыйымдылығы бар салалар екенiн ұмытпау керек», - деп түйiндедi ол.

Үкiмет басшысы ҰКП мүшелерiне отандық бизнестi дамыту мен қолдау бойынша үлкен мiндеттер қойылып отырғанын атап өттi.

Оның айтуынша, қысқа уақыт iшiнде барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтап, ең бастысы, маңызды экономикалық мәселелердi талқылауға белсене атсалысып жатқандарыңыз көңiл қуантады. Үкiметтегi маңызды мәжiлiстер мен отырыстар сiздердiң қатысуларыңызбен өтуде. Өйткенi, сiздердiң пiкiрлерiңiз бiзге өте маңызды. ҚР Президентi жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесi, Үкiметтiң жанындағы Бiрыңғай үйлестiру орталығы, әрбiр мемлекеттiк органдардағы сараптама кеңестерi осы үшiн құрылған болатын.

Үкімет басшысының пікірінше, стартап жобалар бойынша ауылдық жерлердегі бизнеске қаржы құралдарының қолжетiмдi болуы мәселесi бұрынғыдай оңтайлы шешіліп келеді. Бұл, әсiресе, агарарлық салаға қатысты болып отыр. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика