Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстандық жер серіктерінің орбиталық сынақтары штатты режимде өтіп жатыр

Жерді қашықтықтан зондтаудың екі қазақстандық жер серігі орбитада жоспарлы тестілеу сынақтарынан өтіп жатыр.
Казахстан25 Маусым , 14:18

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин хабарлағандай, «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары Астанада француз әріптестерімен бірге Тулуза қаласындағы (Франция) басқарма орталығында тәулік бойы жер серігін бақылап, оның шеткі мүмкіндіктерін анықтау мақсатында максималды деңгейде жүк салуда, деп қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.  

«Осы уақытта жер серігінің жұмысында ешқандай жаңылу болған жоқ», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, «KazEOSat-1» ұшырылғаннан кейін үшінші күні ғарыштан сапасы жақсы алғашқы суреттер жіберді.

2014 жылдың 20 маусымы Ресейдің «Ясный» ғарыш айлағынан «Днепр» зымыран-тасығышымен ұшырылған «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтаудың екінші жер серігі де орбитада жоспарлы сынақтан өтуде. Осыған дейін хабарланғандай, алғашқы телеметрикалық мәліметтерді ғарыш аппараты 1,5 сағаттан кейін берді.

«KazEOSat-2»-ден бірінші ғарыштық түсірілімдерді біз ағымдағы жылдың шілде айының соңында аламыз», - деп атап өтті М.Нұрғожин.




Яндекс.Метрика