Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

5 жылда Астана мен Алматы қалаларында 3 мың әйел оқытылды – Р.Сарсембаева

Осыдан 5 жыл бұрын Астана мен Алматы қалаларында 3 мыңдай қыз-келіншек еңбек нарығында сұранысқа ие қабілеттерді игеріп шықты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі мен отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының мүшесі, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының» Президенті Раушан Сарсембаева мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 25 Маусым, 13:50

«Осыдан 5 жыл бұрын Астана мен Алматы қалаларында 3 мыңдай қыз-келіншек еңбек нарығында сұранысқа ие қабілеттерді игеріп шықты. Олардың 80 пайызы жұмыспен қаматамасыз етілді, олардың басым көпшілігі Іскер әйелдер қауымдастығы мүшелігіне жұмысқа орналасады. Ал 5-10 пайызы өз бизнестерін ашып кетті, атап айтатын болсақ олар шағын балабақшалар мен наубайханалар. Біз оларға кеңес беріп, несие алу жолдарын көрсетеміз», - деді ол.

Р.Сарсембаеваның айтуынша, Іскер әйелдер қауымдастығы 20 жыл ішінде бірқатар мақсатты топтармен жұмыс істеді.

«Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының құрылғанына жиырма жылдай уақыт болды. Біздің республикалық деңгейде жұмыс істейтініміз анық. Сонымен қатар, облыс орталықтарында бөлімшелеріміз және ауылдық жерлерде кеңестеріміз жұмыс істеуде. Осылайша, біз қоғам өміріне қызу араластыру үшін әйелдермен жан-жақты жұмыс істейміз», - дейді.

Сонымен қатар, Р.Сарсембаева 1 шілдеде Қазақстанның 4 облысында әйелдердің кәсіби кеңес алуына қызмет ететін қауырт желілер іске қосылады.

«1 шілдеде ірі жоба ашылады. Атырау, Алматы, Талдықорған, Қостанай облыстарында қауырт желілер іске қосылады. Бүгінде біз кез келген жастағы нәзік жандылардың кәсіби сұрақтарына қос тілде бірдей жауап беру мақсатында қауырт желіні іске қостық. Бұл жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзі қолдап отыр», - дейді. 

Индира Кауметова 





Яндекс.Метрика