Білім беру

ҰКП 2014 жылдың соңына дейін 10 мың маман дайындайды

ҚР Ұлттық кәсіпкерлердің палатасы «Дуалды оқытудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 10 мың маман дайындайды. Бұл туралы ҰКП алғашқы съезінде ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 13:11

«Біз 8 оқыту орталығын іске қосуға дайындалудамыз. Біз «дуалды оқытудың жол картасы» әзірленді, 173 колледж базасында 11 саланың  83 мамандығы  бойынша  10 мың маман дайындалады. Ол 338 кәсіпорынға бағытталады. Жыл соңына дейін 10 маман дайындалады», - деді ол.

ҰКП төрағасы айтқандай, Ұлттық палата шағын және орта бизнеске стартаптықтарды дайындайды. Оның айтуынша, Оңтүстік қазақстандық өңірлік палата  100 типтік жоба дайындады.

Сондай-ақ, ҰКП мен халықаралық бағдарламалар мамандарды шетелде тағылымдамадан өткізу бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бүгінде тағылымдама бойынша 2 бағдарлама анықталды. Машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру бойынша 330 өтініш жиналған. 

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика