Өңірлер

Болашақ әскери ұшқыштар тағылымдамадан өтті

Балқаш маңындағы авиация оқу-жаттығу орталығында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институты 3-курс студенттерінің ұшу тағылымдамасы аяқталды.
Қарағанды25 Маусым , 13:34

Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, болашақ авиаторлар ұшақты басқару техникасынан, навиагациядан, жауынгерлік қолданудан, қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшу-тактикалық және ұшу-әдістемелік даярлық оқу-жаттығу ұшу даярлығы бағдарламасын толық орындады.

Курсанттар авиациялық орталық тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен оқу материалық табысты меңгеріп, ұшу-нұсқаушылар құрамына өздерінің машықтану деңгейі мен білімдерін көрсетті.

 




Яндекс.Метрика