Өңірлер

Н. Құдайбергенов ҰКП Бірыңғай есеп саясатын әзірлеуді ұсынды

ҚР ҰКП ревизия комиссиясының төрағасы Нұрлан Құдайбергенов Бірыңғай есеп саясатын әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы Съезінде мәлім болды.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 12:03

«Қаржылық тәртіп бұзушылықты болдырмау мақсатында ҰКП Бірыңғай есеп саясатын әзірлеуді қарастыру қажет. Онда заңға сәйкес, қаржылық ауыл шаруашылық қызметі мен қаржылық жауапкершілік есепке алынуы тиіс», - деді ол.

Жалпы, қаржылық-шаруашылық тәртіп бұзу қадағалу нысандарында көрініс табады.

«Нормаларды бұзудың басым үлесін құжатты рәсімдеу құрайды, ол 81 пайызға тең. Аталмыш бұзушылық нақты құжаттық тәртіп пен қаржылық-шаруашылық қызметтің болмауынан кетіп отыр», - деді Н. Құдайбергенов.

Айта кетейік, бүгін Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы съезі өз жұмысын бастады. Шараға 230 адам, 116 делегат  қатысуда.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика