Өңірлер

Т. Құлыбаев: ҰКП басты міндеті – Қазақстан бизнесінің бірігуі

Бүгін ҰКП алғашқы Съезі барысында ҰКП Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев ҰКП басты міндеті – Қазақстан бизнесінің бірігуі екендігін айтты.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 11:45

«Тексеріске мораторий жариялау туралы Елбасының Жарлығы үлкен септігін тигізді. Аталмыш Жарлықтың арқасында тексеру саны айтарлықтай қысқарды", - деді ол.

Оның айтуынша, ҰКП өңірлік дирекциялар құрып, бизнеспен кері байланыс орнатты.

«Бүгінде ҰКП басты міндеті Қазақстан бизнесінің бірігуінде. Шағын және орта бизнес болсын олар бар қуатымен жұмыс істеуде. Біздің бірігіп жасаған  9 айлық қызметіміз сәтті аяқталды. Біз оны одан әрі жалғастырмақпыз», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы съезі өз жұмысын бастады. Шараға 230 адам қатысуда.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика