Өңірлер

ҰКП кәсіпкерлерден шамамен 2 мың өтініш қабылдаған – Т.Құлыбаев

Бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірінші съезінде ҰКП Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев палатаның қызметін бастаған уақыттан бері кәсіпкерлерден шамамен 2 мыңдай өтініш қабылдағандарын айтты.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 11:33

«Өздеріңіз де білесіздер, ҚР Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесі құрылды. Қазір ҚР Үкімет басшысы басқаратын кәсіпкерлік мәселелері бойынша комиссия қызмет етуде. Апта сайын Кәсіпкерлік мәселелері бойынша комиссияның жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, министрліктер мен ведомстволарда жұмыс топтарын құрдық. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстары ойдағыдай атқарылуда», - дейді Т.Құлыбаев.

Сонымен қатар, Бас прокуратура мен Қаржы полициясының республикалық  және өңірлік деңгейдегі келісімдеріне қол қойылды.

«Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңестері өз қызметтеріне кірісіп кетті. Қазіргі таңда шамамен 2000 өтінішті қабылдады. Оны енді құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып қарастыратын боламыз», - дейді. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика