Өңірлер

Астанадағы жәрмеңкеге ОҚО кәсіпкерлері 200 тоннадан астам өнім әкеледі

Демалыс күндері Астанада Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қатысуымен дәстүрлі жәрмеңке өтеді.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 12:18

Елордаға ОҚО кәсіпкерлері көкөніс пен ет өнімдерін әкелмек. Жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан облысының 6 ауданы: Түркістан, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Шардара ауданы кәсіпкерлері қатыспақ.

Жәрмеңкеде 24 кәсіпкер 12 сауда нүктесінде ауыл шаруашылық өнімдерін жергілікті халыққа  өткізбек.  Олардың бағасы нарықтағы құннан 25 пайыздай арзан болмақ, деп хабарлдайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның әр өңірінен келетін осындай ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі биыл бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Әкелінген өнімдердің барлығы да Астанадағы нарық бағасынан анағұрлым арзанға сатылады. Тамақ өнімдерінен бөлек мұнда халық өнері мен қолөнер бұйымдары да сатылымға шығарылады. Шара соңында облыстың мәдени ұжымы қатысумын концерт ұйымдастырылады.




Яндекс.Метрика