Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда медицина техникаларын жедел тіркеу жүйесі енгізілді - ДСМ

Бұл шара медицина техникаларын мемлекеттік тіркеу шараларын жетілдіру және медициналық ұйымдардың инновациялық қондырғыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 12:58

Денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органмен келісім жасаған халықаралық сараптама органының сертификаты бар медицина техникалары енді 5 жұмыс күні ішінде тіркелетін болады. Бұған дейін ол мерзім 120 күнге тең еді, деп денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Германияның Мюнхен қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Еуропа нарығында тауар шығару үшін міндетті болып табылатын Еуропаның сапа сертификатын беретін TUV SUD Product Service GmbH компаниясы арасында өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.  

Келісім медицина техникаларының өндіріс сапасын бағалауда тәжірибе алмасу, Қазақстан аумағында TUV SUD Product Service GmbH сертификаты бар медициналық техникаларды жедел тіркеу сияқты саладарда екіжақты ынтымақтастық орнатуды қарастырады. 

Қабылданған осы іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан нарығы әлемнің үздік медицина техникаларын өндірушілерге ашылатын болады. 




Яндекс.Метрика