Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҰОС ардагері: Ең бастысы бірлігіміз мызғымасын

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Біздің өткеніміз, бүгініміз бен ертеңіміз, мақсат-мұратымыз бір, бастысы бірлігіміз мызғымасын, дейді Ұлы Отан соғысы ардагері, Еңбек ардагері Федор Чемоданов.
Ақтөбе25 Маусым , 11:17

«Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Біздің өткеніміз, бүгініміз бен ертеңіміз, мақсат-мұратымыз бір, бастысы бірлігіміз мызғымасын. Енді осы құндылықтарды келер ұрпаққа аманаттауымыз керек», - дейді Ф.Чемоданов.

Оның айтуынша, Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдарында еуразиялық кеңістіктен ойып тұрып орын алып, өңірдегі, жалпы әлемдегі беделді жас мемлекеттердің қатарына қосылды. Оған себеп біздің еліміздегі бейбітшілік пен даму және тұрақтылық.

«Қазіргі таңда мемлекет қарттарға айтарлықтай көңіл өліп жатыр. Соның ішінде ардагерлер мен мүгедектерге деген қамқорлық ерекше. Президент өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі келер ұрпаққа сабақ екенін баса айтып, біздің бүгінгі күнге жетуіміздің басты себебі ретінде аға буынның еңбегін ерекше атап өтеді. Мысалға, біздің облыстағы ардагерлер толықтай коммуналдық төлемдерден босатылған. Қарттар үйінде де ескерусіз қалдырмай, дәрі-дәрмекпен қаматамасыз етіп отырады», - дейді қария.




Яндекс.Метрика