Астана күні

Астана саябақтарында отбасылық шығармашылық фестиваль өтеді

«Яблоко» отбасылық шығармашылық фестивалі алғаш рет Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарын отбасымен бірге мерекелік демалыс күндерін «Жерұйық» және «Студенттік» саябақтарында қолөнер әрі шығармашылық мақсатта өткізуге шақырады.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 11:02

«Жерұйық» саябағы этно-стильде бағыт алады. Сәйкесінше аталмыш саябақта тек Қазақстан халқының ғана емес, барша ұлттардың мәдениетіне терең бойлауға мүмкіндік жасалады. Онда африкандық барабанда ойнап, өз қолымен үнді мандалын жасауға, хош иісті шәй рәсіміне қатысуға, дала лагерінде демалуға, кілем тоқып үйренуге, қуыршақ тігуге, аспаздық шеберлік сағаттарына қатысуға және түрлі-түсті құммен сурет салып үйренуге болады. Кішкентай астаналықтар балаларға арналған мультипликатор шеберлік сағаттарынан тәлім ала алады.

Ал «Студенттік» саябағы ретро-стиль бағдарламасын ұсынады. Мереке көрігін қыздыратын сәнқойларжан-жақтан қарсы алатын болады, деп Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі  ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады. 




Яндекс.Метрика