Өңірлер

Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен Ұлттық тұтынушылар лигасы меморандумға қол қойды

Астанада «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) мен «Ұлттық тұтынушылар лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестік арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 10:47

«Аталмыш меморандум адал бәсекелестікті дамыту мен монополиялық қызметтерді шектеу, бәсекелестікті қорғау мәселелері бойынша Тұтынушылар лигасы мен Агенттіктің өзара ынтымақтастығының тиімділігін арттыра түспек», - дейді Агенттік төрағасы орынбасары Т.Баймұханов.

Оның айтуынша, тұтынушылар құқығын қорғау саласында монополияға қарсы заңнаманы бұзу жағдайлары көптеп кездеседі. «Тұтынушы-жеткізуші» қатысанасы кәсіпкерліктер субъектісінің басым жағдайына ыңғайланып, тұтынушыны оларға тәуелді етіп қойған.

Тұтынушылардың өтініштері мен арыздарын зерттеуге барынша жеке негіз болатын жағдай олардың құқықтарының қорғалмауы. Соның ішінде қызмет көрсету сапасының төмендігі, оны орындаудың мерзімінің сақталмауы айлы арыздар көптеп түседі. Атап айтар болсақ,  ол ТКШ (ливтілік компаниялар да бар арасында), мобильді қызметтер мен терминалдық қызметтер болып табылады. 




Яндекс.Метрика