Астана күні

Сандар сөйлейді: Астана халқы 14 324 адамға артты

Астана қаласының жалпы халық 2014 жылдың басынан бері 14324 адамға артып, 1 мамырда 828 759 адамды құрады.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 10:34

2014 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында халықтың табиғи өсуі 6 497 адамды құраса, миграциялық өсімнің көрсеткіші 7 827. 2014 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейнгі уақытта жалпы Астанада 7 674 босану жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 10,9% артық. Осы орайда өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғандағы табиғи өсім 13,4%  көбейіп, 6497 адамды құрады.

Осы уақытта қалада 1 177 кісі қайтыс болған. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,2% аз, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі статистика департаментіне сілтеме жасай отырып.

АХАЖ органдарында тіркелген неке қию саны 2014 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7,9% артса, ажырасу көрсеткіші де 9,5% көбейген.




Яндекс.Метрика