Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада технологиялық ынтымақтастық семинары өтті

Астанада Қазақстан-Корей технологиялық ынтымақтастық семинары өтті, онда тараптар 3D баспа, өндірістік модельдеу мен ақпараттық инжиниринг саласындағы тәжірибелерімен алмасты. Семинар жұмысына даму институттары, ұлттық компаниялар мен Қазақстан мен Корея кәсіпкерлері қатысты.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 10:02

Салалық құрылымдық бюро қызметі туралы ТМРА өкілі Батырек Дәуітбаев әңгімеледі. Оның айтуынша, машина жасау саласында жаңа өнім түрлерін өндіру тізбегіне өзіндік үлес қосуды жолға қою мен әлеуетті арттыру мақсатында ТҚБ тұрақты түрде жаңа жобаларды іздеу жұмыстарын жүргізеді. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында салалық сынау базасын (зертхана, сертификациялық орталық) құру қарастырылған, деп хабарлайды ТМРА баспасөз қызметі.

«ИЖТМ «ТМРА» АҚ-мен бірлесе отырып кәсіпкерліктермен бірлесе қаржыландыру шарттарына инновациялық несие беру есебінен өңірлерде салалық құзіреттілік орталықтарын құруға қатысу мәселесі дайындалады. Аталмыш орталықтар отандық кәсіпкерліктерінің тәжірибелі үлгілерін дайындау мен олардың тиімділігін ілгерілету бойынша ішкі қажеттілігін шешуге бағытталған сынақ полигондары мен 3D технология қолдана отырып инновациялық шеберхана мен мамандандырылған «фаб-зертхананы» қамтиды.  

Семинарда 3D баспа мен суперкомпьютерлер бойынша өзара байланыстың корейлік тәжірибесі жайлы Корей ғылым және технологиялық ақпарат институтының зерттеу инженері Джонгву Хонг әңгімеледі. Ол медицина, сауық индустриясы, сән индустриясындағы 3D баспа мен жаңа материалдарды қолдана отырып жасанды сүйектерді шығару тәжірибесі туралы айтты.

Айта кету керек, 3D баспаны дайындаудың қазақстандық тәжірибесі де өзінің мүмкіндіктерін дәлелдеп отыр. 2015 жылға қарай институт үй қаңқаларын дайындайтын қазақстандық өнімнің 3D баспасын шығаруды жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика