Астана күні

Қала күні қарсаңында барлық аудандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі

Астананың 16 жылдығына орай Астанада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Қала күніне қарсы Астанада кеспе тас төселген жабындар, тротуарлар, қоқыс жәшігі мен сәкілер ауыстырылады.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 09:46

Алматы ауданында 1 1000 шаршы метр кеспе тас жабыны, 253 шаршы метр тротуар, 60 қоқыс жәшігі мен 50 сәкі ауыстырылады, деп қала әкімінің аппаратында хабарлады.

Есіл ауданында 3500 шаршы метр кеспе тас жабыны, 200 м.п. жиек қабырғалар ауыстырылып, 2600 шаршы метр тірек қабырғалар мен 2 250 шаршы метр жамылғы плиталар боялады әрі 150 шар метр гранит тақталар алмастырылады.

Яғни 192 көшедегі жарықтандыру құралы мен 3900 метр кабель желісі тартылады.

Көшелерді жөндеумен қатар, Астанада 4 аялдама павильоны  ауыстырылады, 4 бағдаршам орнатылады, 135 000 шаршы метр жол таңбалары жазылып, 500 бірлік жол белгілері орнатылады.

 




Яндекс.Метрика