Өңірлер

Қарағанды облысында Аджман әмірлігі АЭА-ның тұсаукесері өтті

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Біріккен Араб Әмірлігінің құрамына кіретін Аджман әмірлігінің арнайы экономикалық аймақ өкілдерімен кездесті.
Қарағанды25 Маусым , 09:33

Кездесу барысында «Аджман» АЭА тұсаукесері өтіп, сонымен қатар «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын дамытудағы ынтымақтастықтың жай-күйі талқыланды.

Кездесу қорытындысында «Сарыарқа» АЭА басқарушы «Қарағанды Инвест» АҚ компаниясы мен «Аджман» арнайы экономикалық аймағы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталмыш Меморандумның мақсаты «Сарыарқа» АЭА басқару және инвестиция тарту мен оны шетелдік және отандық нарыққа бағытталған экспорт, импорт, тауар өндірісі мен логистика комбинациясына мамандандырылған құрылым ретінде дамыту бойынша бірлескен кәсіпкерлік құру болып табылады. 




Яндекс.Метрика