Астана күні

Елорда күніне орай өткізілген шаралардан түскен қаржыға 100-ге жуық бала шетелде емделіп келді

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен құрылған «Бәйтерек» қайырымдылық қоры төрт жылдан бері ем-дом қабылдауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесіп келеді.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 09:14

Осы күнге дейін Елорда күніне орай өткізілген шараларға сатылған билеттерден түскен қаржыға 96 балаға Қазақстан, Қытай, Ресей, Израиль, Германия және т.б. мемлекеттердің медициналық мекемелерінде жоғары білікті көмек көрсетілді, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Бүгінгі таңда кезекті акцияға қатысуға ата-аналардан 34 өтініш келіп түсті. Ем-дом жүргізуді қажет ететін балалардың ата-аналарынан өтініштер қабылдау жалғасады

Еске салайық, Астана күніне орай ұйымдастырылған шараларда билет сатудан түскен қаржы жыл сайын қордың шотына аударылып, балаларды емдеуге жұмсалады. Әрбір елорда тұрғыны мен қонағы мерекелік шараға билет сатып алып игі іске өз үлесін қосады және балаға сауығып кету мүмкіндігін сыйлайды.




Яндекс.Метрика