Self made. Ровесники столицы

Сүйікті елорда көз алдымда өркендеді – Астана құрдасы

Қазбергенова Диана - Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» АББҰ физика-математика бағытының оқушысы, Астананың құрдасы. Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында ол қаланың қалайша дамып келе жатқанын айтып берді.
Нұр-Сұлтан 24 Маусым, 19:27

«Елордамыз керемет өзгерді, мен осы қалада тудым. Ол кезде қаланың атауы Ақмола еді. Шаһар біздің көз алдымызда өсіп, күн санап гүлденіп келе жатыр. Оған тұрғындардың барлығы куә. Менің пікірімше Астанамыздың әлемдегі ең айтулы қалалардың бірі болатын күні де алыс емес. Астана – Еуразияның,  Қазақстанның жүрегі», - дейді.   

Диананың айтуынша, ол қазіргі таңда Қазақстандағы бірегей білім ордасында білім алып жатыр. Оқу орны оның болашағының жарқын болуы үшін барлық жағдайды жасауда.

«НЗМ-нің ерекшеліктерін айтып тауысу мүмкін емес. Біздің мектеп Астанада алғаш болып ашылды, бүгінгі таңда осы мектептердің саны 15, он алтыншысы жақында Алматыда ашылатын болады. Бұл мектептер әлемдік деңгейдегі шәкірттерді дайындайтын білім ордасы», - дейді елорданың құрдасы.

Сонымен қатар, Диана өзінің болашақтағы жоспарларымен де бөлісе кетті. Оқушының арманы -кәсіпкер болу.

«Мектепті бітіргеннен кейін шетелдегі үздік ЖОО біріне түсіп, Қазақстанға қайта оралып, елімнің игілігіне жұмыс істемекпін. Осында өзімнің кәсібімді ашып, еліміздің көркеюіне үлес қоссам деймін», - дейді.

Мереке қарсаңында Диана барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.

«Мен барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын және Президентімізді де құттықтаймын. Ол кісінің аты Астанамызбен қатар аталуы тегін емес, өйткені біздің Астана тікелей сол кісінің еңбегі», - дейді. 

Индира Кауметова 

Фото-Азамат Алиев 





Яндекс.Метрика