Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Елбасы: Парламенттің алдағы басым міндеті - жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңды қабылдау

Парламенттің алдағы басым міндеті - жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңды қабылдау. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Астана қаласы14 Желтоксан , 00:00

«Маңызды басым міндет - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңды қабылдау, заңдарға өзгертулер енгізу. Онда барлауға құқық беру жүйесін түбегейлі жеңілдету, жер қойнауын өнімсіз алыпсатарлық практикасынан қорғау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, кейбіреулер кезінде жерді меншігіне алып, әлі күнге дейін оған инвестиция құймай отыр. Сондықтанда бұл жайттың ақ-қарасын ашу қажет. Жерді пайдаланбай отырғандардан мемлекетке қайтарып алып, оны басқа инвесторларға беру қажет.

«Осылайша, біз геологиялық барлауға жаңа инвестиция тарта алатын боламыз. Мен бұл тұрғыда ірі стратегиялық кен орындарының жұмысына қатысты тапсырма бердім. Атап айтқанда, келісімшарт жасау кезінде біздің экономикамызды әртараптандыруға жәрдемдесу тұрғысында инвесторларға міндетті талап қою тетіктерін қарастыру керек», - деді ҚР Президенті.




Дерекнама

Яндекс.Метрика