Ұлтаралық бірлік

Астанада дінтану сараптамасын жүргізудің мәселелері талқыланды

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дінтану сараптамасын жүргізудің мәселелері мен міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 19:16

Дөңгелек үстел барысында дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етудегі теориялық және тәжірибелік мәселелер талқыланып, оларды шешудің және одан әрі дамытудың жолдары қаралды, деп дін істері агенттігінде хабарлады.

Аталған іс-шараның жұмысына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, дінтанушы ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, ізденушілер және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында дінтану сараптамамен тікелей айналысып отырған Дін істері агенттігі мен оған қарасты орталықтар сарапшылары, сонымен бірге Қазақстан дінтанушылар конгрессі сарапшылары, дінтанушы ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылар өз ойларын ортаға салып, елдегі діни ахуалдың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мен мемлекеттік реттеудегі оның рөлін атап өтті.

Сондай-ақ дінтану сараптамасын жүргізуде күнделікті кездесіп отырған мәселелерге баса тоқталып, оны шешудің оңтайлы әдістерін көрсетті. Шараға қатысушылар өз сөздерінде дінтану сараптамасын жүргізетін мамандардың білімдері мен біліктіліктерін тұрақты түрде арттырып отыру қажеттілігіне назар аударды.

Бұдан бөлек дөңгелек үстел барысында сарапшылар Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығындағы дінтану сараптамасымен айналысып отырған әріптестерімен пікір алмасты. 




Яндекс.Метрика