Үкімет

Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін «Yellow Pages Rule» қағидалары енгізіледі – ӨДМ

«Кәсіпкерлік қызметтерге мемлекеттің қатысуымен шектеу мәселесі бойынша» заң жобасы аясында монополияға қарсы органның рөлі арта түседі, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде өңірлік даму министрі Болат Жәмішев.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 17:26

«Аталмыш заң жобасы монополияға қарсы органдардың рөлін арттыру мен белгілі бір қағидаларына қарамастан құрылған мемлекеттік компанияларды жекешелендіру мен таратуға, үлескер компаниялардың мемлекеттік кәсіпкерліктерін құруды қатаң шектеуді қарастырады», - дейді министр.  

Министрдің айтуынша, монополияға қарсы агенттік тауар нарықтарының сараптамасы негізіндегі кәсіпкерліктер ашуға келісім беру немесе рұқсат етпеуге құзіретті.

«Егер бұрындары бәсекелестікті қорғау органы теріс жауап қайтарғанда да кәсіпкерліктер жұмыстарын жалғастыра берсе, енді 2 жыл ішінде аталмыш кәсіпкерік не жекеге өтеді немесе нарықтан біржола шығарылады. Оған қоса агенттікте тек кәсіпкерлік ашу ғана емес, сонымен қатар қызмет түрін айқындайтын да құзірет пайда болды. Қатаң нормалардың қабылданып жатқаны рас, алайда ол қазір бізге керек. Ондағы мақсат мемлекеттік сектордың кәсіпкерлікке тигізетін қысымын азайту», - дейді.

Министрдің мәліметінше, заң жобасы бойынша Сингапур, АҚШ, Норвегия тәжірибесіндегідей қағидасын енгізуді қарастырады.

«Қағида барынша қарарайым және қатаң. Жеке сектор жұмыс істейтін жерде мемлекеттік кәсіпкерлік секторының қызметі шектелуі керек. Мемлекеттік сектордың жұмыс істейтін жері тек ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттің қорғанысы, қоғам мүддесінің қорғалуы, стратегиялық нысандарды сақтау секілді жерлерде ғана қызмет ете алады», - дейді. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика