EXPO-2017

Энергетика саласындағы үздік стартап байқауының жүлде қоры 4 млн теңге

Энергетика саласындағы үздік стартап байқауының жүлде қоры 4 млн теңге. Бұл туралы бүгін аталмыш мәселеге қатысты баспасөз конференция барысында белгілі болды.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 16:54

«Бүгінде біз түрлі жаңалық ашушылардан көптеген өтініштерді қабылдап жатырмыз. Олар көрменің тақырыптық аясын кеңейте түсетін үздік идеяларға толы. Аталмыш байқауға барынша мол үміткердің қатысқаны бізге тиімді. Өйткені ол бүгінгі таңда біздің мемлекеттің басымдылық беріп отырған салаларының бірі», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Александр Суворов.

Айта кету керек, қазылар қатарында энгергетика саласының  ғалымдары, кәсіпкерлер мен кеңес берушілер бар. Олар үміткерлер арасынан 10 ақтық сын иегерлерін анықтап шығарады. Ал тамызда ақтық сын иегерлерінің есімдері белгілі болмақ.

«Әрине, біз байқауға барынша мол үміткердің қатысқанын қалап отырмыз, өйткені байқауға ұсынылған жобалардың әрқайсысы өз алдына бірер жаңалық, бір-бір жоба. Осы арқылы олар өндіріске жаңалықтар әкелуі әбден мүмкін», - дейді ол.

Айта кетейік, байқау екі кезең бойынша өткізіледі. Бірінші кезекте үміткерлер өз жобасындағы проблемалық қырларын көрсетіп, оны шешу жолдарын ұсынса, екінші кезеңде табыс пен қаржылық пайдадан кейін автор оны іске асыру жолдарын көрсетуі тиіс.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 2014 жылдың 16 тамызында жоба үздігін анықтауды жоспарлап отыр. Қанатқақты жоба нұсқасы қорытындысынан кейін компания байқауды жыл сайын өткізуді де ойластырып отыр. 

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика