Үкімет

2030 жылға қарай 12 млн адам табиғи газбен қамтылады - МГМ

2030 жылға қарай 12 млн адам табиғи газбен қамтылады.Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Мұнай және газ министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 16:44

«Iшкi нарықта 2030 жылы тұтыну көлемi 11 млрд текше метрден бүгiнгi таңдағы 18 млрд текше метрге дейiн артады деп есептеп отырмыз. Оның iшiнде ҮИИД бағдарламасы жобаларын iске асыру есебiн артты. Ал ендi газдандырылған елдi-мекендер бүгiнгi 988-ден 1621 елдi мекенге дейiн артады», - дедi Ұ.Қарабалин.

Министр өз сөзiнде аббонеттердiң саны 1 млн 400 мыңнан бүгiнгi таңдағы 2 млн 900 мыңға дейiн жетедi деп болжанып отырғанын айтты.

«Әрбiр отбасында орта есеппен 4 адам болғанда, қазiргi 5-6 млн адамнан 30 жылы 12 млн адамға дейiн газдандырылады. Жаңа газ құбырларын салып, олардың ұзақтығын 28 мыңнан 57 мың шақырымға дейiн ұзартамыз. Ал 2030 жылы ҚР тұрғындарын газбен қамтуды 32%-дан 56%-ға дейiн жеткiземiз, жалпы еліміздің 13 облысы газдандырылады», - дейді министр.

МГМ басшысы атап өткендей, газбен қамтудың бас схемасы Үкіметте таныстырылды.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика