Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Ағымдағы аптада Үкімет желісі бойынша өтетін іс-шаралар

27 тамызда Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметовтің басшылығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің дәстүрлі отырысы өтеді. Онда энергоүнемдеу туралы 2020 жылға дейінгі бағдарламаның орындалу барысы талқыланады.
Астана қаласы27 Тамыз , 00:00

Қазақстанның энергия үнемдеу жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдықты назар беріп отырғаны баршаға аян. Осы мақсатта Жасыл экономика мемлекеттік тұжырымдамасы қабылданды. Және 2017 жылы өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне де Болашақ Энергиясы тақырыбы арқау болып отыр.

Ал 28 тамызда Премьер-Министр Серік Ахметов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізеді.

27-28 тамызда Астанада Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Ресейдің Өңірлік даму министрлігі басшылықтарының қатысуымен екі ел арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның Аймақаралық және шекара маңындағы ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссиясының 13-ші отырысы өтеді.

Отырыста тараптар Екатеринбург қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының мерейтойлық Х форумын бірлесіп өткізудің дайындық барысын, сонымен қатар 2012-2017 жылдарға арналған аймақаралық және шекара маңындаға ынтымақтастық бағдарламасы аясында алдағы өзара әрекеттестікті талқылауға ниетті.




Яндекс.Метрика