EXPO-2017

EXPO 2017 энергетика саласындағы үздік стартап жобаға байқау жариялайды

EXPO 2017 энергетика саласындағы үздік стартап жобаға республикалық байқау жариялайды. Бұл туралы бүгін энергетика саласындағы үздік стартап жобаға байқауды бастауға арналған баспасөз конференциясы барысында белгілі болды.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 16:28

«Бүгінгі таңда энергоүнемдегіш технологияларды дамыту маңыздылығын адамзат баласы терең түсініп отыр. Энергетика – елдің стратегиялық дамуы мен адамзаттың дамуындағы басты механизм болып табылады. Байқау қатысушыларының үздік идеялары ескеріліп, шараның Қазақстандағы жаңа технологиялық компаниялардың дамуына өзіндік үлесін қосатын адамдарға мол мүмкіндіктер есігін ашады деп үміттенеміз», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Александр Суворов.

Айта кету керек, байқауға өз жобаларын жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да ұсына алады. Барынша үздік және ұтымды жоба ірі инвесторлармен беттестірілетін болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысу үшін champions2017 astana.kz сайтына онлайн режиммен өтініш беріп, жоба таныстырылымын pdf форматымен қосып жіберу керек. Өтініштер 2014 жылдың 25 маусымы мен 1 тамызы аралығында қабыладанады. 

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика