Инфрақұрылымның дамуы

2014 жылы 6 мың км жол жөнделді – Ж.Қасымбек

Қазақтанда автокөлік жолы саласында 2014 жылы 6 мың км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы үгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 16:06

«Автокөлік жолы саласы бойынша биыл 6 мың км жол жөндеу көрді. Әрине, соның ішінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәзізін ерекше атап өту керек. Жалпы ұзындығы 2452 шақырым болатын жодың 1727 шақырымы пайдалануға берілді. Биыл Шымкенттен Ресей шекарасына дейінгі және толықтай Жамбыл облысына кіретін аймақтағы жолды пайдалануға беру жоспарланған. Ал келер жылы жобаны толықтай аяқтау жоспарланған», - дейді министр.

Айта кету керек, жобаға жалпы саны 30 мың адам тартылған. Соның көпшілігі жергілікті халық өкілдері екені анық.

«2013 жылдан бастап Алматы мен Астананы жалғайтын жаңа автокөлік дәлізін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Ол Орталық-Оңтүстік Алматы-Павлодар, Өскемен Орталық-Шығыс пен Ақтау бағыты», - дейді.

Сонымен қатар, Оңтүстік-Орталық дәлізі бойынша Астана-Теміртау мен Алматы-Қапшағай учаскілерін қалпына келтіруді толықтай қамту жоспарланған.

«2016 жылы аталмыш учаскілерді аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, Орталық-Шығыс бағыты бойынша қозғалысты ашып, Астана-Павлодар бағытының басты жұмыстары қолға алынуда. Оған Ертіс өзені артықы өтетін көпір де қамтылмақ», - дейді министр.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика