Үкімет

Қаржы министрлігі бірыңғай сауда алаңында 2 мың аукцион өткізді

Қаржы министрлігі бірыңғай сауда алаңында 2 мың аукцион өткізді, бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Премьер-Министрдің орынбасары, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 15:59

«Қаржы министрлігінің жүйесінде Бірыңғай сауда алаңы жұмыс істейді. Ол енгізілген уақыттан бастап, алаңда 2 мың аукцион өтті. Егер біз бастапқы кезде тек нысандарға көңіл бөлсек, қазір эектронды тендер мен конкурстар үрдісін енгіздік», - деді Б. Сұлтанов.

Ведомство басшысы аталмыш алаңда мемлекеттік меншік қана емес, холдингтар бойынша да өтетінін айтты.

«Аталмыш сайт саудаға ашықтықты әкеледі. Портал тіркеуші органдармен жұмысты нық орнатқан, енді кәсіп бірқатар анықтамаларды жинап сабылмайды», - деді ол.

«Алаңда тікелей сатылымдар жүзеге асады, ол ЖШС қатысушылары, стратегиялық инвесторларға қатысты», - деді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика