Үкімет

Қаржы министрлігі бәсекеге қабілетті ортаға 300-ге жуық нысанды береді

Ағымдағы жылы ҚР Қаржы министрлігі 782 нысанның 300-ге жуығын бәсекеге қабілетті ортаға береді, деп ОКҚ өткен брифингте ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 15:48

«2014-2015 жылдарға арналған заңдастырудың кешенді жсопарында мемлекеттік сыңайлы субъектілердің бәсекеге қабілетті ортаға жіберілетіндерінің тізімі жасақталған. Бүгінде 782 нысан бәсекеге қабілетті ортаға жіберілетіндердің қатарында. Ағымдағы жылы олардың 300-ге жуығы бәсекеге қабілетті ортаға беріледі, ал 380 жойылатын болады», - сказал Б.Сұлтанов.

Оның үстіне, республикалық меншік бойынша 29 ұйым мен 3 нысан бекітілді. Коммуналды меншік бойынша 416 ұйым бәсекеге қабілетті ортаға көшірілуі тиіс. Қазіргі таңда Заңдастыру комиссиялары жасақталған.

«Ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша 337 актив бәсекелестік ортаға беріледі, соның ішінде «Самұрық-Қазына» қоры бойынша 106 актив, Байтерек холдингі бойынша 15, ҚазАгро 32, Парасат 8, Зерде 2, ӘКК бойынша 174 ұйым», - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Ұлттық холдингтер басқармасы шешімімен нысандарды бәсекелестік ортаға беру мен оны іске асыру мерзімін анықтау бойынша комиссия бекітілді.

«Биыл кестеге сай, 782 ұйымның 278-ін беру жоспарланған, соның 19-ы республикалық меншік, 109-ы коммуналды меншік, 75-і ӘКК, 75-і холдингтер бойынша.  Қазіргі таңда коммуналдық меншіктің 6 нысаны сатылған. Соның ішінде 4-еуі ӘКК бойынша 85,6 млн теңгені құрады. 34 нысан бойынша бағалау жұмыстары басталды», - дейді. 

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика