Инфрақұрылымның дамуы

Алматы әкімі көшпелі отырыс өткізді

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов биылғы жылдың сәуір айында қалаға қосылған аумақта көшпелі кеңес өткізді.
Алматы қаласы24 Маусым , 18:15

Мегаполис басшысы 1 шілдеден бастап қаланың коммуналдық меншігіне өтетін бірқатар әкімшілік объектілерді аралап көрді. Бұлар - бұрынғы селолық әкімдіктер мен полиция бөлімшелерінің нысандары, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Алматы әкімі қала әкімдігі аппаратының басшысы мен аудан әкімдеріне селолық мекемелерде қызмет жасағандарды жұмысқа орналастыру жөнінде тапсырма берді.

«Селолық округтерде жұмыс істегендердің барлығы - өз аумақтарында тәжірибе жинақтағандар. Жаңа тұрғыда жұмыс істей алатын жергілікті кадрларға жұмыс ұсыну қажет», - деді Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың бюджетін нақтылаған кезде қалаға қосылған аумақтардағы әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды жетілдіру үшін Алматы 3,3 млрд. теңге бөлген болатын.

Қазіргі кезде қалалық құрылымдар инвентаризация жүргізуді жалғастыруда, нақтылы міндеттерді анықтауда. Олар - коммуникация, жол, әлеуметтік нысандар.

Бұлардағы жөндеу жұмыстарының барлығы қаланы дамытудың Бас жоспары аясында жүзеге асатын болады. Қаланың ІІД қалаға қосылған поселкелерде өз жұмыстарын аяқтап қалды.




Яндекс.Метрика