Инвестициялар

Қазақстанның инвестициялық жобаларына 130 млн доллар салынды

Бірінші жарты жылдықтың нәтижесі бойынша «KAZNEXINVEST» химия өнеркәсібі, машинақұрылысы, жеңіл өнеркәсіп пен өзге де салалар бойынша Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жалпы құны 130 млн долларлық 7 шетелдік инвесторларды тартуға жағдай жасады, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Руслан Тасбергенов баспасөз конференцияда.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 15:33

2014 жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша Агенттік тарапынан Ұлыбритания мен Польшада 2 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оған шамамен 137 шетелдік компания қатысты. Оның 17-сі отандық компания. Шара нәтижесінде машинақұрылысы, туристік сала, тамақ өнеркәсібі мен өзге де салалар бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды қазақстандық баспасөз клубының сайты.

Руслан Тасбергеновтың айтуынша, бірінші жартыжылдықта инвестиция тарту жүйесі жұмыстарын жетілдіру мен инвесторларды жаңаша ынталандыру бойынша ауқымды шаралар қолға алынды. Атап айтар болсақ инвестициялық шарттарды жетілдіру бойынша ынталандырудың жаңа пакетін енгізудің кешенді жоспары мен инвестиция тарту шараларының нақты кешені дайындалды. Жаңа шаралар кешені аясында «таныс» және ірі инвесторлармен жұмыс істеудегі инвестиция тарту жүйесі қатысушылары қызметтерін күшейтуге басымдылық берілген. Сонымен қатар, инвесторларға арнап жаңа преференциялар мен ынталандыру енгізу ұсыныстары дайындалды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда фармацевтика саласында, соның ішінде Polpharma компаниясымен жылына 350 млн ампула шығаратын қуаттылыққа ие өндірісті іске қосу мен SHIMADZU компаниясымен «Қазмедқұрылғы» ЖШС базасында рентген аппараттары өндірісін бірлесе шығару бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда.




Яндекс.Метрика