Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ЮНЕСКО мұра тізіміне қазақстандық 8 мәдени нысан енгізілді

Катардың астанасы Дохеде өткен 38-інші ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің сессиясында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан елдерінің бірқатар мәдени мұралары ЮНЕСКО-ның дүниежүзі мұрасы тізіміне енгіліді.
Әлемде24 Маусым , 14:46

Тізімге енгізілген 33 нысанның 8 Қазақстан тарапынан. Олар: Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген мен Талғар, Ақтобедегі Степнинск, Ақыртас, Құлан, Қостөбе  және Жамбыл облысындағы - Өрнек.

Бұған дейін аталмыш тізімге Қазақстанның екі мәдени нысаны  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы петролифтері және бір Сарыарқа жазығы мен Солтүстік Қазақстанның өзендері алынды. Алдағы уақытта ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне тағы 18 мәдени ескерткішті енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

Еуразия жүрегіндегі Қазақстанның географиялық орналасуы жібек жолы бойы туризмді дамытуға мүмкіндік береді. 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың тұжырымдамасы аясында Оңтүстік Қазақстан кластері «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде таныстырылатын болады. Аталмыш кластерде дайындалатын негізгі туристік өнімдерге турне мен мәдени туризм жатқызылатын болады.




Яндекс.Метрика