Евразиялық одақ

ЕАЭО құрылуы - интеграциялық үрдіске біріктіреді – Ғ.Оразбақов

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғ.Оразбақов Санкт-Петербург қаласындағы IV Халықаралық заң форумында баяндама оқыды.
Әлемде24 Маусым , 13:38

Ғ.Оразбақовтың айтуынша, 29 мамырда Астанадағы ЕАЭО туралы келісімге қол қоя отырып біз толықтай интеграциялық процестерге еніп кеттік.  

«Бүгінде ЕАЭО аясындағы бәсекелестіктің бірыңғай қағидасы мен ережелерінің құрылуы басым бағыттардың бірі болып табылады. Бәсекелестік туралы модельді заңның қабылдануы соның айқын белгісі. Қазірден бастап Қазақстанның монополияға қарсы органы ұлттың заңнамадағы бірқатар нормаларды имплементациялауға кірісіп кетті. Нәтижесінде жаңа құқықтық институт – бәсекелестік заңының нормаларын сақтауға әсер ететін заң бұзушылықтың алдын алуды ескерту енгізілмекші», - дейді төраға.

Оның айтуынша, Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасы әлемдік үздік тәжірибелерге негізделген. Бәсекелестік туралы заңның либералдылығын таяуда Қазақстанда өткен Бәсекелестік саясатының шолуында Дүниежүзілік банктің сарапшылары да мойындады.  

Бәсекелестіктің бірыңғай қағидасы мен ережелерін құруға ЕАЭО құру туралы Келісімдегі бір бөлімде жеке қаралған. Атап айтатын болсақ онда ел сыртындағы субъектілер тарапынан құқық бұзушылықты тоқтату кезіндегі монополияға қарсы органдардың өзара іс-қимылының механизмі қарастырылған.

Сонымен қатар, трансшекаралық нарықтағы құқық бұзушылықты анықтау кезіндегі ЕЭК-мен монополияға қарсы органның өзара іс-қимылы анықталған. 




Яндекс.Метрика