Өңірлер

Т.Құлыбаев: ҰКП басты міндеті - кәсіпкерлердің құқықтық сауатын арттыру

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті - кәсіпкерлердің құқықтық сауатын арттыру, деп бас прокуратурамен бірлесіп өткен келелі кеңесте Ұлттық кәсiпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 13:06

«Ұлттық кәсiпкерлер палатасының басты мiндетi - кәсiпкерлердiң құқықтық сауатын арттыру және қорғау. Осы тұста, бiз Бас прокуратурамен 23 желтоқсанда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. ҰКП жанынан кәсiпкерлердiң құқығын қорғау туралы кеңес құрылды. Бiзге 650 арыз келiп түскен. Ол арыздардың барлығын қарастырамыз», - дедi сөз басында  Т.Құлыбаев.

Оның айтуынша, республика және аймақтық деңгейде жұмыс оң жолға қойылған. Аймақтарда кәсiпкерлердiң құқығын қорғау туралы кеңестер құрылған.

«Кәсiпкерлердiң аймақтық палатасына 1300-ға жуық арыз түскен. Олар жер қатынастары, салық, кеден, бәсекелестiкпен күрес саласына қатысты. Бiз барлық арыздарды қарастырудамыз. Заң аясында жұмыс жасайтын кәсiпкерлердiң құқығын қорғаймыз», - дедi ол.

Сонымен қатар, Тимур Құлыбаев  әкiмшiлiк кедергiлерге тосқауыл қою, тексерiстердi азайту бойынша жұмыс жасайтындықтарын тілге тиек етті. Соңғы үш жылда кәсiпкерлерге берiлетiн рұқсат қағаздарын қысқарту бойынша бiрқатар жұмыс жүргiзiлген.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика