Өңірлер

ШОБ-ті тексеруге мораторий жариялағаннан кейін небәрі 600 тексеру жүргізілді – А. Дауылбаев

Бүгін кәсіпкерлердің құқын қорғау бойынша өткен видеобайланысконференциясында Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ШОБ-ті тексеруге мораторий жарияланғаннан кейін небәрі 600 тексеру жүргізілгенін айтты.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 12:56

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, кәсіпкерлік саласының құқығын қамтамасыз ету прокуратураның негізгі бағыттарының бірі. Ағымдағы жылдың 2 сәуіріне дейін шағын және орта бизнестің 10 мың тексерісі тоқтатылды. Оның Елбасының Жарлығы қамтамасыз етті, содан кейін  небәрі 600 тексеріс жүргізілген», - деді ол.

Айта кетейік, 27 ақпан күні Елбасы шағын және орта бизнеске тексеріс жүргізуге мораторий жариялады. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады.

Прокурордың айтуы бойынша, мораторий тексеріс жүргізетін органдардың жұмысын тиімді етеді.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика